Мазмұнға өту
qandastar.

Президент мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға қол қойды

bahitzhanabzal · · 217 қаралым
Президент мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға қол қойды
Фото: ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, президент "мемлекеттік сатып алу туралы" заңға қол қойған. Заң президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданған.

Жаңа заң мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған. Жаңа заң бойынша:

- сатып алуды жедел жүргізу, сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды;

- сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады;

- бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын болса, енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі;

- тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау мақсатында енді құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

- ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді;

- төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді;

- мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі енгізілді;

- жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер де мемлекеттік сатып алуларға жіберілмейді;

Сондай-ақ, президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойған.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің

жазған едік.

Бөлісу: Telegram WhatsApp