Мазмұнға өту
qandastar.

Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді

bahitzhanabzal · · 73 қаралым
Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды qandastar.kz Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.
Бөлісу: Telegram WhatsApp