Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлады Qandastar.kz ақпарат порталы.
Құрметті Судьялар және сот қызметкерлері Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды
Президенттің сөзінше, қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады.