Мазмұнға өту
qandastar.

Президент Тоқаев жаңа Конституцияның тарихи маңызын атап өтті

Бақытжан Мұса · · 75 қаралым
Президент Тоқаев жаңа Конституцияның тарихи маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде жаңа Конституцияның маңызына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заң Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған негізгі құқықтық іргетасы болып табылады. Ол қазіргі жаһандық өзгерістер, технологиялық даму, саяси тұрақсыздық пен түрлі қақтығыстар жағдайында Конституцияның бағыт-бағдар беруші рөлінің күшейе түсетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция елді әлемдік өркениеттің жаңа деңгейіне жетелейтін маңызды құжат екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол 1 шілдеден бастап Ата заңның толық күшіне енетінін еске салды.

Президент алдағы уақытта саяси реформалар жалғасатынын да айтты. Атап айтқанда, тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтетіні, қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылатыны белгілі болды. Оның пікірінше, бұл өзгерістер елдің жаңа даму кезеңіне қадам басуын білдіреді.

Сонымен қатар, қоғамда заңға құрметтің артып келе жатқаны, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы бастамалар мен “Таза Қазақстан” акциясына азаматтардың белсенді қатысуы елдегі сананың өзгеріп жатқанын көрсетеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp