Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Кездесу барысында Президент Төтенше жағдайлар министрлігінің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындап, ведомство жұмысының басым бағыттарына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты күшейтіп, аудандық және ауылдық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде тапсырма берді.
Сонымен қатар өрт, өнеркәсіп және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне, халықты жедел хабардар ету жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Президент төтенше жағдайлардың алдын алу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізудің маңызын атап өтті.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы министрліктің кадрлық әлеуетін арттырып, құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін күшейтуді тапсырды.