Мазмұнға өту
qandastar.

Президент: Жасанды интеллект өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыруға тиіс

Бақытжан Мұса 79 қаралым
Ақорда
Ақорда

Президент өнеркәсіпте жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды тапсырды

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің жаңа цифрлық дәуірде елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ-ның Өнеркәсіптің дамуы туралы 2026 жылғы есебінде жасанды интеллект әлем экономикасын өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің бірі ретінде көрсетілген. Соңғы бес жылда ЖИ-ге қатысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен.

Президент Қазақстан үшін басты міндет еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық жаңғыруды жеделдету және қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейту екенін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге бағытталған жасанды интеллектінің ұлттық кешенді экожүйесі қалыптасып жатқанын жеткізді.

«Биылғы сегіз айда өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 46 триллион теңгеге жуықтады. Өңдеу өнеркәсібі былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің негізгі құндылығы адам әлеуетін күшейтуде екенін атап өтті. Оның сөзінше, ЖИ инженерлерге жұмыс тиімділігін арттыруға, ал басшылыққа талдау деректеріне сүйене отырып жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp