Мазмұнға өту
qandastar.

Президент жазушыларды қала тақырыбында көбірек шығарма жазуға шақырды

Бақытжан Мұса · · 2 қаралым
Президент жазушыларды қала тақырыбында көбірек шығарма жазуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала мәдениеті мен урбанизация тақырыбын әдебиетте кеңінен қамту қажет екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, дейді Qandastar.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда урбанизация үдерісі жүріп жатқандықтан, қала өркениетін дәріптеуге және оның заманауи талаптарына сай болуға мән беру қажет.

«Біз ауыл туралы көп айтамыз. “Ауыл – халқымыздың алтын бесігі” деп әрбір жиында айтып жүреміз. Расында, бұл – дұрыс. Бірақ қазіргі заманда бұл сөзді қайта-қайта айта берудің қажеті бар ма?» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қалада тұратын қазақ жастарын «асфальт қазағы» немесе «шала қазақ» деп бөліп қарауды дұрыс емес деп атап өтті. Оның сөзінше, бүгінде қалаларда тұратын жастардың көпшілігі қазақ мектептерінде ана тілінде білім алып жатыр.

Президент қоғамды ауылда және қалада тұратындар деп бөлмеуге шақырып, бұл мәселенің әдебиетте де көрініс табуы қажет екенін айтты.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби байқаулар өткізуді тапсырғанын жеткізді. Оның пікірінше, мұндай шығармалар әсіресе жастар үшін маңызды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp