Президент, іс басқармасы, мемлекет
Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне толықтыру енгізілетін Үкіметтің қаулысын дайындады, деп жазды qandastar.kz
Сонымен, тізім жаңа кәсіпорынмен толықтырылады:
- "ҚР ПІБ "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК".
- "Іс-шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру (саммиттер, съездер, көрмелер, форумдар, симпозиумдар) ", "Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру").
"Жобаның мақсаты "ҚР ПІБ "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК-ға Кәсіпорын қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттарында іс-шараларға (саммиттер, съездер, көрмелер, форумдар, симпозиумдар) қызмет көрсетуді және азық-түлік өнімдерін бөлшектеп сатуды беру",- делінген құжатта.
Құжат 27 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.