Фото: istockphoto.com
Елімізде ең жас және креативті мобилограф Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл туралы танымал блогер Қыран Талапбек
парақшасында жазды, деп хабарлайды
.
Ол өз сөзінде бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын тарихи кезең екенін айтты.
Құрметті, ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! Видеоларыңызды Тикток және Инстаграмға #nomadgamesfest салыңыз. Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл – сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!
Ал жеңімпаздарға мынандай сыйлықтар беріледі:
- Гран-при:
- Президенттің жеке мобилографы болу,
- iPhone 15 Pro Max,
- MOBILOGRAPHY BOX (жарық, микрофон),
- + 1 000 000 теңге.
2-орын – 1 000 000 теңге.
3-орын – iPhone 15 Pro Max.
4-орын – 500 000 теңге.
5-15-орындар – MOBILOGRAPHY box (жарық және микрофондар).
16-20-орындар – Мобилография курсы (онлайн оқу).
21-100-орындар – Жеке мадақтамалар.
101-150-орындар – Арнайы сертификаттар.
Бөлек 50 орын.
Сіздің видеоңыз әлеуметтік желіде 100 000 жинаған қаралымыңыз үшін – 50 000тг сыйлыққа. (TikTok, Instagram) Қатысушыларды 1 қыркүйекке дейін қабылдаймыз, ал жеңімпаздарды 9 қыркүйекте анықтаймыз. Қатысыңыздар, тарихты бірге жасайық!