Мазмұнға өту
qandastar.

Прокуратура мемлекеттік кәсіпорынның жалған декларациясын анықтады

bahitzhanabzal · · 138 қаралым
Прокуратура мемлекеттік кәсіпорынның жалған декларациясын анықтады

Ақмола облысының Жақсы ауданының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындарға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды qandastar.kz

Мемлекеттік кәсіпорындардың бірі 2024 жылдың 2 және 3 тоқсанында салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәнде тапсырған.

Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.

Прокуратура араласқаннан кейін көрсетілген сома төленді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp