Мазмұнға өту
qandastar.

Прокурор төрт адамды өлтірді деп айыпталған атыраулыққа өмір бойы түрме жазасын сұрады

Бақытжан Мұса · · 715 қаралым
Прокурор төрт адамды өлтірді деп айыпталған атыраулыққа өмір бойы түрме жазасын сұрады

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде жарыссөз кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап Qandastar.kz хабарлады.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан Сұлтан Сәрсемәлиевті өзіне тағылған барлық баптар бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушыға төрт адамды өлтіруден бөлек, ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы, сондай-ақ құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру деректері бойынша да айып тағылған.

Прокурор қылмыстардың жиынтығын ескере отырып, соттан Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Енді сотталушы соңғы сөзін айтқаннан кейін сот алқасы үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp