Мазмұнға өту
qandastar.

Путиннің Астанаға сапары: қандай мәселелер көтерілді

Малика Хамит · · 692 қаралым
Путиннің Астанаға сапары: қандай мәселелер көтерілді

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстар нығая түсуде, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға жасаған сапары барысында айтты.

Оның сөзінше, екі ел арасындағы қарым-қатынас тең құқық пен өзара құрмет қағидаттарына негізделген.

Былтыр Мәскеуге мемлекеттік сапарыңыз барысында байланыстарымыз жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өттік. Бұл шын мәнінде солай. Біз барлық бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ресей және Қазақстан халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі жайында маңызды бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз. Сонымен қатар көптеген үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдер дайындалды. Бұл құжаттар экономика мен энергетикадан бастап, мәдени-гуманитарлық қатынастарға дейінгі ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды
деді Владимир Путин.

Ресей президенті қазіргі таңда екі ел арасында 70 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Келіссөз барысында өндіріс, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды.

Жуырда Астанада қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен қабылдаған Қазақстандағы Ресей күндері өтті. Маңызды оқиғалар қатарында былтыр елордада «Қазақстан мен Ресей мәңгі достығы аллеясы» және Мәскеуде Қазақстан мен Ресей достығы скверінің ашылуын айтуға болады. Астанада өтетін үшінші «Болашақ ойындары» гуманитарлық байланыстардың, ең алдымен, елдеріміздің жастары арасындағы ынтымақтастықтың беки түсуіне ықпал етеді
деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ «Орталық Азия – Ресей» форматындағы өзара ықпалдастықтың маңызын атап өтті.

Біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту бағытында әрі қарай жұмыс атқара береміз
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасты. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін Ресеймен достық әрі жақын қарым-қатынастың маңызды екенін айтты.

Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз
деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салған ең ірі елдердің бірі саналады. Қазіргі таңда жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталған. Оның 122-сі іске асырылып, операциялық кезеңге өткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp