Мазмұнға өту
qandastar.

«Қамқоршылары да құтқара алмайды»: Тоқаев жемқорларға ескерту жасады

Малика Хамит
«Қамқоршылары да құтқара алмайды»: Тоқаев жемқорларға ескерту жасады

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдардың ешқайсысы заң алдындағы жауапкершіліктен құтылмайды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тіпті жоғары лауазымы, елге сіңірген еңбегі немесе ықпалды таныстары да оларды жазадан арашалай алмайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» қағидаты елдегі реформалардың негізгі тірегіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, заң алдында барлығы тең болуы керек. Бұл талап лауазымды тұлғаларға да бірдей қолданылады.

Президент жемқорлықты мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін әрі халықтың билікке деген сеніміне нұқсан келтіретін үлкен қауіп деп атады.

«Бұған дейін айтқанымдай, жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды. Кінәлілердің ешқайсысы заң жүзіндегі жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Оған лауазымы да, сіңірген еңбегі де, тіпті ықпалды "қамқоршылары" да көмектеспейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, заң мен сот алдында бәрінің тең болуы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp