Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағандыда 40 млрд теңгелік мефедрон өндірісінің жолы кесілді

Малика Хамит 19 қаралым
Қарағандыда 40 млрд теңгелік мефедрон өндірісінің жолы кесілді

Қарағанды облысында мефедрон өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Полиция зертханадан 50 тонналық өнеркәсіптік цистерна, бірнеше ыдыс пен химиялық заттардың қалдықтарын тәркіледі. Мамандар цистернадан алынған сынамадан мефедрон анықтаған.

Алдын ала есеп бойынша, зертхана толық жұмыс істеген жағдайда 2 тоннаға дейін мефедрон өндіруі мүмкін. Бұл шамамен 2 миллион доза. Есірткінің заңсыз нарықтағы құны 40 млрд теңгеге дейін бағаланып отыр.

Ұсталған екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp