Мазмұнға өту
qandastar.

Қаражалдағы карьерден 4 мың текше метрден астам марганец заңсыз өндірілген

Малика Хамит 16 қаралым
Қаражалдағы карьерден 4 мың текше метрден астам марганец заңсыз өндірілген

Ұлытау облысының Қаражал қаласында марганец кенін заңсыз өндіріп, шетелге шығарумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Восточный» карьерінде арнайы операция жүргізген.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер кен өндіру үшін экскаватор, тиегіш және самосвал сияқты ауыр техникаларды пайдаланған. Карьер аумағында өндірістік база ұйымдастырылып, алынған шикізат ұсақтау-жуу кешенінде өңделген.

Кейін марганец кенін жүк көліктерімен тиісті құжаттар арқылы Қазақстаннан тыс жерлерге шығарған.

Заңсыз өндірілген кен көлемі 4 мың текше метрден асқан. Оның жалпы құны 950 млн теңгеден жоғары.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp