Мазмұнға өту
qandastar.

Qarmet ұжымымен кездесуде Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бақытжан Мұса
Qarmet ұжымымен кездесуде Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және Үкімет өкілдері Qarmet металлургиялық комбинатының еңбек ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Кездесуге Құрылтай депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ пен Құрылтай депутаты Вадим Басин қатысты.

Іс-шара алдында делегация мүшелері комбинаттың өндірістік нысандарын аралап, кәсіпорынның жұмыс барысымен және өндірістік қуатымен танысты. Сонымен қатар металлургия саласының даму перспективалары сөз болды.

Талқылау барысында өнеркәсіпті жаңғырту, энергетиканы дамыту, инфрақұрылым салу және индустриялық кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» бастамасын іске асыру жайы қарастырылды.

Вадим Басин өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өндірістік қуаттарды жаңарту, инновациялық технологияларды енгізу және білікті кадрлар даярлау қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде жүзеге асырылуын тиімді бақылау үшін депутаттар мен экономиканың нақты секторындағы өкілдер арасындағы тікелей байланысты сақтау маңызды екені айтылды.

Кездесуде көтерілген ұсыныстар Құрылтайдың сараптамалық және заң шығару қызметі аясында одан әрі қарау үшін жүйеленетін болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp