Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында чемпион атанды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Команда маусымның аяқталуына бір тур қалғанда алтын медальді мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Чемпиондық тағдырын шешкен негізгі матчтардың бірі 25 қазанда өтті. «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесудің 46-минутында автогол тіркелсе, 70-минутта Эльхан Астанов есепті теңестірді. Бұған қоса, 65-минутта шымкенттік клубтың ойыншысы Жасұлан Әмір алаңнан қуылып, команда матчты он ойыншымен жалғастыруға мәжбүр болды.
Алайда чемпиондық атаққа жету үшін «Ордабасының» қарсыласы «Қайраттың» нәтижесі де маңызды еді. Алматы клубы «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең ойнап, көшбасшыны қуып жету мүмкіндігінен айырылды.
Осы нәтижелерден кейін «Ордабасы» 68 ұпаймен бірінші орынға жайғасып, «Қайраттан» төрт ұпайға озып кетті. Қалған бір турда бұл айырмашылықты қысқарту мүмкін болмағандықтан, шымкенттіктер чемпиондықты мерзімінен бұрын атап өтеді.
Осылайша, «Ордабасы» клуб тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.