Қорғаныс министрі қаза тапқан және жараланған сарбаздардың туыстарын қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қазақстанның Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов әскери қызмет кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті. Олар әр жылдары болған оқиғаларға қатысты мәселелерді көтерді.
Кездесуге Бас әскери прокурор мен ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.
Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, олардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
«Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі», – деді ведомство басшысы.
Кездесу қорытындысында Айдос Мырзахметов әрбір жағдайды жеке зерделеп, туыстары ұсынған құжаттар мен материалдарды мұқият қарайтынын мәлімдеді.