Мазмұнға өту
qandastar.

QAZAQ AIR жеңілдікпен билет сатып жатыр

bahitzhanabzal · · 269 қаралым
QAZAQ AIR жеңілдікпен билет сатып жатыр

Фото:istockphoto.com

QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарға 15% жеңілдікпен билет сатып алуға болатын 2 күндік акция жариялады, - деп хабарлайды qandastar.kz

Тек 8 және 9 ақпанда QAZAQ AIR сайты арқылы барлық бағыттар бойынша (субсидияланатын рейстерден басқа) билеттерді 15% жеңілдікпен сатып алуға болады. Жол жүру мерзімі: 2025 жылдың 8 ақпанынан 25 қазанына дейін. Акция тек компанияның ресми сайтында сатып алынған билеттерге қолданылады
делінген тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар әуекомпаниясы ақпан айының соңына дейін барлық бағыттарда спорттық құрал-жабдықтарды (шаңғы, сноуборд, коньки) тегін тасымалдау акциясын өткізіп жатқанын еске салды.

Қосымша ақпаратты

байланыс орталығынан немесе компанияның сайтынан алуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp