Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақ тілін дамытуға 824 млн теңге жиналды

Малика Хамит
Қазақ тілін дамытуға 824 млн теңге жиналды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Кездесуде қазақ тілін дамыту, цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «Қазақ тілі» қоғамы үш негізгі бағытта жұмыс істеп жатыр. Олар – қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Кездесуде бірнеше маңызды нәтиже айтылды:

OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токеннен тұратын қазақша мәтін корпусы жасақталған. Сонымен қатар 12 мың сағаттық аудиожазба жинақталған.

Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тіліне дубляждалып, кинотеатрларда көрсетілген.

Қазақ тілін дамытуға бағытталған Qazaq Tili Endowment қорының көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.

Президент атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, қазақ тілін үйрету мен ғылыми еңбектерді аударуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдаланудың маңызын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp