Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс 21 үміткерді өндірістік бос жұмыс орындарына іріктеді

Бақытжан Мұса 17 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» компаниясында өндірістік бос жұмыс орындарына үміткерлерді бірыңғай комиссияның қатысуымен іріктеу жалғасып жатыр. Осы аптада Жезқазғандағы №1, 2, 3 байыту фабрикалары мен Жыланды кенішіндегі лауазымдарға 21 үміткер әңгімелесуге шақырылды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Байыту фабрикаларындағы бос орындарға конвейер машинисі, диірмен машинисі және слесарь-жөндеуші лауазымдары бойынша үміткерлер қарастырылды. Ал Жыланды кенішінде бұрғылаушының көмекшісі, теспе бұрғылаушы және теспе бұрғылаушы (роболт) қызметтеріне іріктеу жүргізілді.

Комиссия үміткерлерді бағалау кезінде олардың кәсіби даярлығын, еңбек тәжірибесін, лауазымның ерекшелігін және өндірістік қауіпсіздік талаптарын ескереді.

Бірыңғай комиссияның жұмысы әртүрлі өндірістік бөлімшелерде үміткерлерді ортақ өлшемшарттар бойынша бағалауға, олардың біліктілігін бос жұмыс орындарының талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл кадрлық шешімдердің бірізділігін қамтамасыз етіп, компанияның өндірістік бөлімшелерін білікті мамандармен толықтыруға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp