«Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын жалғастырып жатыр. Бүгінде 34 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жаңғырту жұмыстары жұмыскерлер күнделікті пайдаланатын асханалар, душ бөлмелері, киім ауыстыратын орындар мен әкімшілік-тұрмыстық кешендерді қамтиды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек жағдайларын жақсарту, өндіріс қызметкерлеріне қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру.
Компания жаңартылған нысандардың өзгерістерін «дейін / кейін» форматында көрсетіп, жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.