Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс 42 өндірістік нысанда Wi-Fi желісін кеңейтеді

Бақытжан Мұса 20 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» компаниясы қызметкерлердің өтініштері негізінде өндірістік нысандардағы интернетке қолжетімділікті кеңейту жобасын іске асыруда. Жоба Жезқазған, Қарағанды және Балқаш өңірлеріндегі 42 нысанды қамтиды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Компания мәліметінше, өндірістік нысандардағы демалыс және асхана аймақтарында, сондай-ақ интернет пайдалануға арналған басқа да орындарда 180 Wi-Fi нүктесін орнату жоспарланған.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бірқатар нысандарда, соның ішінде Қажықонған кенішінде, Wi-Fi желісі іске қосылған. Қалған нысандарда жабдықтарды жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар компания байланыс операторларымен бірлесіп, мобильді байланыстың қамту аясын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірқатар өндірістік нысандарда 4G желісі қолжетімді болғанымен, Шығыс Жезқазған және Батыс кенішіндегі жекелеген аумақтарда сигналды күшейту қажеттілігі бар.

Жоспарға сәйкес, қажетті жабдықтарды жеткізу жұмыстары 2026 жылғы 30 қазанға дейін, ал монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары 30 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Жобаны компанияның Цифрландыру қызметі үйлестіреді.

Жоба іске асқаннан кейін қызметкерлер арнайы бөлінген аймақтарда интернет пен корпоративтік цифрлық сервистерді тұрақты пайдалана алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp