Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» «Абызда» 2,6 мың метрден астам бұрғылады

Бақытжан Мұса 57 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» «Абыз» кен орнында 2,6 мың метрден астам бұрғылау жүргізді

Қарағанды облысындағы «Абыз» алтын-полиметалл кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 2 600 қума метрден астам бұрғылау жұмысы орындалды. Бұл жоспарланған 5 100 метрдің жартысынан астамын құрайды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Барлау бағдарламасы бойынша кен орнында тереңдігі 800-ден 1 200 метрге дейінгі алты ұңғыма бұрғылау жоспарланған. Бұрғылау барысында алынған керндерге кешенді геологиялық зерттеу жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, терең бұрғылау кен орнының төменгі деңгейжиектерінің геологиялық құрылымын нақтылауға және пайдалы қазбаларға перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазақмыс» үшін терең геологиялық зерттеулер минералдық-шикізат базасын дамыту бағыттарының бірі саналады. Қолданыстағы кен орындарын терең горизонттарда зерттеу олардың әлеуетін бағалауға және кейінгі геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

2026 жылы компанияның геологиялық барлау бағыты күшейтіліп, «Қазақмыс» жұмыс істейтін өңірлердегі перспективалы учаскелерді зерттеу ауқымы кеңейтілді.

«Абыз» кен орнындағы терең бұрғылау бағдарламасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp