Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс басшылары мен жұмыскерлері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бақытжан Мұса
Қазақмыс
Қазақмыс

Республика күні қарсаңында «Қазақмыс» Тобының басшылары мен жұмыскерлері өнеркәсіп саласын дамытуға қосқан үлесі, көпжылдық адал еңбегі және кәсіби жетістіктері үшін мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды. Марапаттау рәсімдері Жезқазған және Астана қалаларында өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Жезқазғанда марапаттарды Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен табыстады.

«Құрмет» орденімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС металлургия жөніндегі бас операциялық директоры Жәнібек Байғабелов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында шахталық электровоз машинисі болып еңбек ететін Сенбек Ержановқа табысталды. Ол «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарында 28 жыл бойы еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС «Жезқазғансервис» кәсіпорнының электр слесарі Жасұлан Ізтілеуов III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды. Оның отбасы награданы марқұмның көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде қабылдады.

Астанада өткен марапаттау рәсімінде Ғ. О. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің Жезқазған шахтапроходкалау басқармасының үңгілеушісі Нұрлан Атабаев та марапат иегерлерінің қатарынан көрінді. Тау-кен саласында 25 жылдан астам еңбек еткен маман – «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегері.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар «Қазақмыс» Тобы қызметкерлерінің Қазақстанның тау-кен металлургия саласын дамытуға қосқан үлесін және өндірістегі көпжылдық еңбегін бағалаудың белгісі болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp