Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс басшылығы кәсіподақтармен 10 кездесу өткізіп, 118 мәселені қарады

Бақытжан Мұса 31 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» басшылығы кәсіподақ жетекшілерімен кездесіп, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыскерлердің өтініштерін қарау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков компанияның кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен жұмыс кездесуін өткізді. Жиынға Басқарма төрағасының орынбасарлары мен компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да қатысты.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылды дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік қауіпсіздікті күшейту және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдердің орындалуына және еңбек ұжымдарынан түскен өтініштерге ерекше назар аударылды.

Компания мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында «Қазақмыс» басшылығы кәсіподақ өкілдерімен 10 кездесу өткізіп, 118 мәселені қараған.

Қазіргі уақытта компанияда алты кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олар – «КәсіпҚорған», Enbek, «Әділетті жол», QAZAQMETAL КАSYPODAGY, «Достойный труд» және Arlan.

«Қазақмыс» кәсіподақтармен тұрақты диалогты әлеуметтік әріптестіктің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Компания бұл бағыттағы бірлескен жұмыс еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp