Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Еңбек Ері Әбдірашит Доспановқа үш бөлмелі пәтер сыйлады

Бақытжан Мұса
Қазақмыс
Қазақмыс

Жезқазған мыс балқыту зауытының 40 жылдан астам уақытын өндіріс саласына арнаған металлургі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Әбдірашит Доспанов үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Пәтер кілтін оған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бас операциялық директоры, Kazakhmys Smelting бас директоры Жәнібек Байғабелов табыстады.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл сыйлық металлургтің көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көрсетілген құрмет. Оның отандық металлургияны дамытуға қосқан үлесін компания акционері Нұрлан Артықбаев пен басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жоғары бағалаған.

Әбдірашит Қойшыбекұлы – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері. Сонымен қатар ол «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерімен және үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған.

Металлургтің жалпы еңбек өтілі шамамен 42 жыл. Оның 40 жылдан астам уақыты Жезқазған мыс балқыту зауытында өткен. Ол 1985 жылдан бері кәсіпорында еңбек етіп, жинаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп келеді.

Әбдірашит Доспановтың отбасында да еңбек дәстүрі жалғасын тапқан. Бірнеше буын өкілдерінің жиынтық еңбек өтілі 400 жылға жуықтайды. Бүгінде оның інілері де осы зауытта жұмыс істейді.

Айта кетейік, салтанатты шараға Еңбек Ері әріптестерімен бірге түнгі ауысымнан кейін келген. Сол ауысымда тазартылмаған мыс өндіру жоспары толық орындалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp