«Maker» ЖШС кеніштердегі суды тиімді соруға арналған ОСС-180 көлденең орнатылатын ортадан тепкіш сорғысын таныстырды. Жаңа құрылғы үлкен көлемдегі суды сорып, тау-кен өндірісіндегі еңбек жағдайларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Компания директоры Ержан Данияровтың айтуынша, сорғы сағатына 180 текше метрге дейін су айдай алады. Құрылғы жоғары жүктемеге төтеп бере алмайтын кәдімгі сорғыларды пайдалану қиын болатын агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған.
«Maker» өнімдері тау-кен өнеркәсібінде су және басқа да жоғары абразивті массаларды сорып шығаруға қолданылады. Бұл өндірістік нысандардағы қауіпсіз әрі тұрақты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпорын алдағы уақытта өнеркәсіптік сорғылар өндірісін кеңейтіп, өнімдерін шетелдік нарықтарға шығаруды жоспарлап отыр.
Бейне: Қазақстан Республикасының Үкіметі