Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс өндірістік сатып алу мерзімін екі айдан 1–5 күнге дейін қысқартты

Бақытжан Мұса
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік қажеттіліктерге арналған материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алу мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл мақсатта кәсіпорында Жедел сатып алу картасы енгізілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

2026 жылдың шілде айынан бастап жаңа тетік арқылы жалпы құны 29,4 миллион теңгені құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтардың 304 түрі сатып алынған. Сонымен қатар жүйе корпорацияның 31 кәсіпорны мен құрылымдық бөлімшесін қамтыды.

Жаңа тәртіп бойынша қажетті тауар жеткізушінің қоймасында бар болса, кәсіпорын оны 1–2 жұмыс күні ішінде ала алады. Ал қосымша жеткізу қажет болған жағдайда сатып алу мерзімі 2–5 жұмыс күнін құрайды.

Бұған дейін стандартты сатып алу рәсімдері шамамен екі айға созылатын. Енді жаңа жүйе қосалқы бөлшектерді, аккумуляторларды, өлшеу құралдарын, электротехникалық жабдықтар мен басқа да қажетті материалдарды жедел алуға мүмкіндік береді.

Жедел сатып алу картасы жұмыскерлердің ұсыныстары негізінде әзірленген. Соның нәтижесінде сатып алуға бөлінетін лимиттер ұлғайтылып, келісу кезеңдері қысқартылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp