«Қазақмыс» корпорациясы 25 қазан – Республика күніне орай барша қазақстандықтарға мерекелік құттықтауын жолдады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Компанияның мерекелік жарияланымында Қазақстанның көк байрағы мен ел картасы бейнеленіп, «25 қазан – Республика күні құтты болсын!» деген ізгі тілек жазылған.
«Қазақмыс» корпорациясы осы айтулы мерекеге орай отандастарға амандық, бірлік пен береке тіледі.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн ұлттық бірлікті нығайтып, елге деген құрметті арттыруға үндейді.