Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Шатыркөл фабрикасының автопаркін жаңартып жатыр

Малика Хамит
«Қазақмыс» Шатыркөл фабрикасының автопаркін жаңартып жатыр

«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының материалдық-техникалық базасын нығайтып, автопаркін жаңартуда, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Кәсіпорынға өндірістік жұмыстарға арналған жаңа техникамен қатар, жедел медициналық жәрдем көлігі де жеткізілді.

Инвестициялық бағдарлама аясында фабрика бір бульдозер, екі Foton автокөлігі және бір жедел жәрдем көлігін қабылдады. Ал 2026 жылдың соңына дейін тағы үш техника бірлігін сатып алу жоспарланып отыр.

Жаңадан жеткізілген бульдозер өндірістік және қосалқы жұмыстарға пайдаланылса, Foton көліктері кәсіпорынның күнделікті көлік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ал жедел жәрдем көлігі жұмысшыларға медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.

Алдағы уақытта фабриканың автопаркі тағы да толығады. Атап айтқанда, кәсіпорынға вахталық автобус, тентті шанағы бар Foton жүк көлігі және манипуляторы бар КАМАЗ жеткізіледі. Бұл техника өндірістік және шаруашылық міндеттерді орындауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар фабрикада тек техника паркін жаңарту ғана емес, өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қолға алынған. Қазір кәсіпорын аумағында жөндеу-механикалық шеберханасы, зертхана, өрт сөндіру депосы, жатақхана мен асхана жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, жұмысшылардың өздері де фабрика аумағын абаттандыруға үлес қосып келеді. Ұжымның күшімен аллея салынып, субұрқақ-сарқырама мен түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахнасы бар алаң жасақталған.

Осылайша, Шатыркөл байыту фабрикасында техникалық базаны жаңарту және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp