Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы ауылға 20 млн теңгеге жуық инвестиция салды

Малика Хамит
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы ауылға 20 млн теңгеге жуық инвестиция салды

Жамбыл облысындағы ауылда жаңа спорт алаңдары ашылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында балалар мен тұрғындарға арналған жаңа волейбол және баскетбол алаңдары пайдалануға берілді. Спорт нысандары «Қазақмыс» корпорациясының қаржылай қолдауымен салынды.

Компания жобаны жүзеге асыруға 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген.

Жаңа алаңдар С. Естемесов атындағы орта мектептің аумағында орналасқан. Енді оқушылар дене шынықтыру сабақтарында спортпен айналысып қана қоймай, сабақтан кейін де волейбол мен баскетбол ойнай алады. Алаңдар ауыл тұрғындары үшін де ашық болады.

Жоба аясында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, спорт алаңдарының негізі дайындалған, арнайы жабын төселіп, қажетті жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар аумақ абаттандырылды.

Айта кетейік, спорт нысандары «Қазақмыс» корпорациясы мен Шу ауданының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамытуға, балалар мен жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp