Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы салқындатқыш мұнараны қалпына келтіруге 921,8 млн теңге бағыттады

Бақытжан Мұса 18 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытындағы №1 үш секциялы желдеткішті салқындатқыш мұнараны күрделі жөндеуге кірісті. Жобаның жалпы құны 921,8 млн теңгені құрайды., деп хабарлайды Qandastar.kz.

Салқындатқыш мұнара күкірт қышқылы цехының негізгі агрегаттарына қажетті технологиялық суды салқындатуға арналған. Нысан 1971 жылы пайдалануға берілген.

2021 жылы жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы бойынша салқындатқыш мұнара әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. Ал 2024 жылы құрылыс және металл конструкцияларының бір бөлігі құлағаннан кейін нысанға кіруге тыйым салынған.

2026 жылы «Қазақмыстың» жаңа басқарушы командасы салқындатқыш мұнараны кешенді түрде қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Жоба нысанды қайта іске қосып, салқындату жүйесінің сенімділігін арттыруға және күкірт қышқылы өндірісіндегі инфрақұрылымдық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта зақымданған және тозған құрылымдарды демонтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан аумағы толық тазартылған. Мамандар салқындатқыш мұнара бассейнін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Оның бетон негізі нығайтылып, жарықтар жөнделіп жатыр. Қазір гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Келесі кезеңде нысанға жаңа тірек қаңқасы, заманауи тамшылы бүріккіштер, су ұстағыш және желдеткіш қондырғылары орнатылады. Металл конструкциялар коррозияға қарсы арнайы құраммен өңделеді.

Жөндеу жұмыстарын 150 күнтізбелік күн ішінде аяқтау жоспарланған.

Жоба іске асқаннан кейін №1 салқындатқыш мұнара Жезқазған мыс балқыту зауытының күкірт қышқылы өндірісіне қажетті технологиялық суды салқындатуды қамтамасыз етеді. Бұл өндірістік жабдықтың сенімділігін арттырып, технологиялық үдерістің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Салқындатқыш мұнараны қалпына келтіру «Қазақмыстың» 2026 жылы жүзеге асырып жатқан өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі. Бағдарлама өндірістік нысандардың сенімділігін арттыруға, инфрақұрылымдық тәуекелдерді азайтуға және еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақмыс

Бөлісу: Telegram WhatsApp