Мазмұнға өту
qandastar.

"Қазақмыс" Жезқазған зауытын жаңартуға 745 млн теңге бағыттады

Малика Хамит 63 қаралым
"Қазақмыс" Жезқазған зауытын жаңартуға 745 млн теңге бағыттады

Жезқазған мыс балқыту зауытында мыс электролизі цехының жабдықтары жаңартыла бастады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жобаға биыл шамамен 745 млн теңге бөлінген.

Кәсіпорынға катодты мыс өндіруге арналған жаңа полимербетон ванналарының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл жабдықтар химиялық әсерге төзімді әрі 60°C-қа дейінгі температурада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазір алғашқы 24 ваннаны монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін цехтағы 250 ванна толық ауыстырылады. Қазіргі таңда мұнда барлығы 1 872 ванна бар.

Жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту өндірістің тұрақтылығы мен сенімділігін арттырып, катодты мыс сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жоба Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Компания биыл өндірістік жабдықтардың сенімділігі мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне басымдық беріп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp