Мазмұнға өту
qandastar.

«Қазақмыста» 1 600-ден астам қызметкер тәлімгерлік бағдарламасына қатысып жатыр

Бақытжан Мұса
Қазақмыс
Қазақмыс

«Қазақмыс» Тобында 2026 жылы 1 600-ден астам тәжірибелі маман тәлімгерлік бағдарламасына қатысып жатыр. Олар жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге кәсіби дағдыларды меңгеруге, өндірістік ортаға бейімделуге және еңбек тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Компанияның мәліметінше, тәлімгерлік жүйесі төрт негізгі бағытты қамтиды. Олардың қатарында жаңа жұмысқа қабылданған және басқа лауазымға ауыстырылған қызметкерлерді бейімдеу, кадр резервін даярлау, өндірістік практика мен дуальды оқыту, сондай-ақ кәсіби тағылымдамадан өткізу бар.

Бағдарламаға кәсіби білімі мен еңбек тәжірибесі жеткілікті, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтайтын білікті мамандар тәлімгер ретінде тартылады.

Олар жас және жаңа қызметкерлерге өндірістік процестерді меңгеруге, тәжірибелік білім алуға және жұмыс барысында қажетті дағдыларды қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

Компания бұл бастама арқылы тәжірибелі мамандардың білімін кейінгі буынға жеткізіп, кәсіби кадрларды даярлау жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастырып келеді.

Толығырақ ақпаратты «Қазақмыс» компаниясының ресми сайтынан оқуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp