2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында мемлекеттік шекараны жалған құжатпен кесіп өтпек болған 19 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
Тексеру кезінде олардың басым бөлігі жалған визаларды немесе басқа адамдардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланғаны анықталды.
Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері шекарада осындай 358 заңбұзушылықтың жолы кесілген.
Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе басқа адамның құжаттарын пайдаланып кесіп өту қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.