Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан аусыл ауруынан таза аймақ ретінде танылды - Тоқаев

Малика Хамит
Қазақстан аусыл ауруынан таза аймақ ретінде танылды - Тоқаев

Қазақстан ет өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қазақстан аусыл ауруынан таза аймақ ретінде танылды. Бұл отандық ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін шетел нарығына шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану керектігін атап өтті. Ол ветеринария саласын жаңғыртып, мал басын есепке алу жүйесін жетілдіруді және зертханалық диагностика сапасын арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар Үкіметке қазақстандық өнімдердің экспортына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою міндеттелді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp