Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан Германия капиталына жаңа инвестициялық платформа ұсынды

Малика Хамит · · 37 қаралым
Қазақстан Германия капиталына жаңа инвестициялық платформа ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында елдің іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Президент Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды. Оның көмегімен Германия капиталы Қазақстандағы бірлескен жобаларға бағытталмақ.

Тоқаев сондай-ақ энергетика, көлік, өнеркәсіп, жаңартылатын энергия көздері, «жасыл» сутегі және маңызды шикізат салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Германиямен экономикалық байланысын жаңа деңгейге көтеруге дайын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp