Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен 2027 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ұлттық құрама құрлық біріншілігінде қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Талғат Жайлауов бастаған қазақстандық хоккейшілер турнирдің соңғы турында жарыс қожайындары – Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
Матчтың негізгі уақыты мен бес минуттық овертаймда командалар гол соға алмады. Есеп 0:0 болғандықтан, жеңімпаз буллит сериясы арқылы анықталды. Қазақстан құрамасы тоғыз соққыдан кейін қарсыласынан басым түсті.
Ойын барысында қақпашы Владислав Нурек ерекше көзге түсті. Ол қақпаға бағытталған 23 соққының барлығын қайтарып, матчтың үздік ойыншысы атанды.
Қазақстан құрамасы турнирде мүмкін болған тоғыз ұпайдың сегізін жинап, чемпиондық атағын сақтап қалды. Ұлттық команда Халықаралық хоккей федерациясының қамқорлығымен өткізілген Азия чемпионаттарының барлығында жеңіске жетті.
Турнир қорытындысы бойынша алты ұпай жинаған Жапония құрамасы күміс медальға ие болды. Төрт ұпай еншілеген Оңтүстік Корея қола жүлдені иеленді. Қытай құрамасы бірде-бір ұпай жинай алмай, турнир кестесінің соңында қалды.