Қазақстан мен Оман екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид алдағы серіктестіктің негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Құжаттар инвестиция, көлік, қаржы, мұнай-газ және іскерлік байланыстарды қамтиды.
Атап айтқанда:
Қазақстан мен Оман инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім жасасты;
екі ел арасында әуе қатынасын дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды;
«Самұрық-Қазына» мен Оманның ұлттық инвестициялық қоры бірлескен инвестициялық қор құратын болды;
Blue City Rixos жобасы бойынша негізгі шарттар келісілді;
«ҚазМұнайГаз» бен OQ Exploration & Production геологиялық барлау саласында стратегиялық ынтымақтастық орнатпақ;
Қазақстан мен Оманның іскерлік кеңесін құру туралы келісім жасалды;
Еуразиялық даму банкінің Оман аумағында жұмыс істеу шарттары айқындалды.
Осылайша, екі ел экономикалық және инвестициялық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға ниетті.