Құрылтайдың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қожаев Словакияның Қазақстандағы елшісі Любомир Регакпен кездесіп, парламентаралық байланыстарды нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесу барысында Марат Қожаев елшіні Қазақстандағы қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық реформалар, соның ішінде бір палаталы Құрылтайға көшу жөніндегі бастамалар туралы ақпарат берді.
Комитет төрағасы екі елдің тиісті парламенттік комитеттері арасында тұрақты байланыс орнатудың, заң шығару тәжірибесімен алмасудың және халықаралық мәселелер бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызын атап өтті.
Өз кезегінде Любомир Регак Марат Қожаевты Құрылтай депутаты болып сайлануымен құттықтап, Словакия парламентінің Халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының құттықтау хатын табыс етті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне де назар аударды. Қазіргі уақытта Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 50-ден астам компания жұмыс істейді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру, жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамыту және кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту қажеттігі айтылды.
Толығырақ quryltai.kz сайтынан оқуға болады.Құрылтайдың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қожаев Словакияның Қазақстандағы елшісі Любомир Регакпен кездесіп, парламентаралық байланыстарды нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесу барысында Марат Қожаев елшіні Қазақстандағы қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық реформалар, соның ішінде бір палаталы Құрылтайға көшу жөніндегі бастамалар туралы ақпарат берді.
Комитет төрағасы екі елдің тиісті парламенттік комитеттері арасында тұрақты байланыс орнатудың, заң шығару тәжірибесімен алмасудың және халықаралық мәселелер бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызын атап өтті.
Өз кезегінде Любомир Регак Марат Қожаевты Құрылтай депутаты болып сайлануымен құттықтап, Словакия парламентінің Халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының құттықтау хатын табыс етті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне де назар аударды. Қазіргі уақытта Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 50-ден астам компания жұмыс істейді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру, жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамыту және кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту қажеттігі айтылды.
Толығырақ quryltai.kz сайтынан оқуға болады.