Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан мен ТМД елдері іздеудегі адамдар туралы ақпаратты электронды түрде алмасады

Малика Хамит 45 қаралым
Қазақстан мен ТМД елдері іздеудегі адамдар туралы ақпаратты электронды түрде алмасады

Қазақстан ТМД елдерімен адамдарды мемлекетаралық іздестіру кезінде ақпарат алмасудың жаңа тәртібіне көшпек, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Құрылтай «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы» келісімге өзгерістер енгізуді көздейтін хаттаманы екі оқылымда мақұлдады. Құжатқа тараптар 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеуде қол қойған.

Жаңа тәртіп бойынша ТМД елдерінің құзырлы органдары іздестіруге қатысты мәліметтерді электронды форматта жедел алмаса алады. Бұл іздеу шараларын үйлестіруге және қажетті ақпаратты тезірек алуға мүмкіндік береді.

Электронды ақпарат алмасу бірнеше санаттағы адамдарды іздестіру кезінде қолданылмақ. Олардың қатарында:

  • қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргендер;

  • сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүргендер;

  • хабар-ошарсыз кеткендер;

  • туыстарымен байланысын жоғалтқан азаматтар;

  • өзі туралы мәлімет бере алмайтын адамдар бар.

Хаттаманы ратификациялау ТМД елдері арасында іздестіру жұмыстарына қатысты ақпаратты электронды түрде алмасудың құқықтық негізін қалыптастырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp