Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан Өзбекстан және Пәкістанмен кедендік ынтымақтастықты күшейтеді

Бақытжан Мұса 17 қаралым
Құрылтай
Құрылтай

Қазақстан Республикасының Құрылтайында Қазақстан, Өзбекстан және Пәкістан арасындағы кедендік ынтымақтастыққа қатысты халықаралық келісімдерді ратификациялау мәселелері талқыланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Баспасөз брифингінде екі негізгі халықаралық келісімнің маңызы сөз болды. Біріншісі – Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы кедендік өкілдіктер ашу туралы келісім. Екіншісі – Қазақстан мен Пәкістан үкіметтері арасындағы кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды тергеп-тексеру және өзара әкімшілік көмек көрсету туралы келісім.

Жиында аталған құжаттардың екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сауда-саттықты дамытуға және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ келісімдер тауар айналымын жеделдетуге және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы бірлескен іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp