Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан полицейлері жолда қалған Дағыстан азаматтарына көмектесті

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері жолдан шығып кеткен Mercedes-Benz Sprinter көлігін байқап, ішіндегі жолаушыларға көмек көрсетті. Көлікте Дағыстан Республикасынан келген азаматтар болған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға тасжолдың 523-шақырымында болған. Сол аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Аманбек Бақтығалиев пен Құлтай Тынышбай істен шыққан көлікті байқап, жүргізуші мен жолаушылардың жағдайын анықтаған.

Полицейлер азаматтарды жолда қалдырмай, осы бағытта келе жатқан жүк көліктерінің бірін тоқтатқан. Соның көмегімен істен шыққан Mercedes-Benz Sprinter автокөлігін Атырау қаласына дейін жеткізуге жәрдемдескен.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында шетел азаматтары жолдағы қиын жағдайдан шықты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp