Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

Малика Хамит 14 қаралым
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарында тағы бір алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл жолы пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза жарыс чемпионы атанды.

Отандасымыз J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунмен белдесіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Бексұлтан Құлмырза Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp