Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан шекарасында 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп тәркіленді

Малика Хамит
Қазақстан шекарасында 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп тәркіленді

Қазақстан шекарасында темекі өнімдері мен электронды темекілерді заңсыз алып өтудің бірнеше фактісі анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жалпы құны 510 миллион теңгеден асатын тауарлар тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, ірі заңсыз жүк қараша айында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде анықталған. Шекарашылар бұл жерде 593 мың қорап темекіні ел аумағына заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті.

Ал Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп табылған.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз тасымалданбақ болған барлық өнімнің жалпы құны 510 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp