Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Қазақстанда қараша айының алғашқы онкүндігінде есірткіге қатысты 56 құқық бұзушылық анықталып, 35 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде жарты миллионға жуық бір реттік есірткі дозасының таралуына тосқауыл қойылды.

Полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтап, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp