2026 жылдың басындағы дерек бойынша Қазақстанда жасы 60-тан асқан 2 923 472 адам тұрады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл ел халқының 14,2 пайызына тең.
Олардың ішінде 1,76 млн-ы әйелдер, ал 1,16 млн-ы ерлер.
60 жастан асқан тұрғындар саны бойынша Алматы қаласы алда – мұнда 328 мыңнан астам адам бар. Одан кейін Түркістан облысы (216,5 мың), Қарағанды облысы (212,5 мың), Алматы облысы (203,5 мың) және Астана (171,1 мың) орналасқан.
60+ жастағы тұрғындардың басым бөлігі қалада тұрады: 1,89 млн адам. Ауылдық жерлерде олардың саны 1,03 млн.
Қазақстанда жасы 100-ден асқан 1 323 адам бар.
Сонымен қатар 2026 жылдың екінші тоқсанында 60 жастан асқан 465 302 адам жұмыспен қамтылған. Ал 2025 жылы зейнетақы алушылардың жалпы саны 2 415 095 адамды құраған.