Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда 2027 жылы бірнеше әлем чемпионаты өтеді

Малика Хамит
Қазақстанда 2027 жылы бірнеше әлем чемпионаты өтеді

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында жеңіске жеткен қазақстандық спортшыларды марапаттау рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы спортшылардың жетістігі ел мерейін асқақтатып, жас ұрпаққа үлгі болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ әрбір медальдің артында жылдар бойғы дайындық пен табанды еңбек жатқанын айтты.

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық спорттағы орнын нығайта түседі. Атап айтқанда, 2027 жылы елімізде бокс, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі және киберспорттан әлем чемпионаттары өтеді. Сонымен қатар Астанада УЕФА конгресі ұйымдастырылады.

Президент спортшыларды алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасына қазірден бастап тыңғылықты дайындалуға шақырды. Сондай-ақ спорттағы адалдық пен допингке қарсы күрестің маңызын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp