2027 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 370 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Гүлназ Атамқұлова брифинг барысында мәлімдеді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Депутаттың айтуынша, қаражат көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеуге бағытталады.
Сонымен қатар мемлекет ауыл шаруашылығын қолдау тәсілін өзгертіп, тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыруға біртіндеп көшуді көздеп отыр.
Бұл шаралар отандық ауыл шаруашылығын дамытуға, өндіріс көлемін арттыруға және елді азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.